Доссор мәдениет үйі есептік концертін берді

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйі өнерпаздары ескі жылды қорытындылап, есеп беру концертін өткізді. "Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер" атты шығармашылық кешті көрермендер онлайн түрде тамашалады.

Сахна шымылдығын ашқан «Мөлдір мұнай» фолклорлық-халықтық ұлт-аспаптар ансамблі күйді өз нақышында орындап, көрерменді тебірентті. Кейін кешті жалғастырған «Еркемай» үлгілі би ансамблінің биі де сахнаға жан бітіргендей болды.

Әншілерде бар өнерін ортаға салып Д.Еримов «Үш меркі», А.Садуақасова «Маралым», Д.Құрмашев «Сен ғана», А.Әбілқасова «Шағала» әндерін шырқаса, «Төлегеновтер» отбасы «Сенім шырағы», «Әжелер» ансамбілі «Желсіз түнде жарық-ай» әндерін жоғары дәрежеде орындап көрерменнің жүрегіне жол тапты.

dossop-mad

Драма ұжымының жетекшісі А.Әбілқасова «Тамаша» көрінісіндегі әженің рөлін сомдап, көрерменді күлкіге қарқ қылды. Есептік концерт «ДосАрт» триосының «Біз елдің еркелеріміз» әнімен қорытындыланды. Әдемі кеш арқылы өнерпаздардың көрермен ықыласына бөленгенін әлеуметтік желі арқылы жолданған пікірлерден аңғаруға болады.

Бүгінгі күні мәдениет үйінде 10 ұжым, 5 үйірме қызмет атқарып, өнер ордасын жетістіктерге жетелеп келеді. Осы жерде шәкірт тәрбиелеу, оның жетістікке жетуі, биіктерден көрінуі ұстазға байланыс­ты екенін айта кеткен жөн.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT