Чемпионаттан қола жүлде еншіледі

(1 Vote)

6-10 ақпан күндері Қостанай қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. 

Дүбірлі додаға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан барлығы 700 дзюдошы қатысты. Үш күнге созылған чемпионатта 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасты.

Ел біріншілігінде атыраулық балуандар 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Оның ішінде 60 келі салмақта жерлесіміз Әділет Умаров  қола жүлдеге ие болды. Бапкері Ерлан Шынтасов осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибесін дзюдоның дамуына, ауылдан чемпиондарды шығарып, аудан намысын абыройымен қорғауға жұмсап жүр.

Өз тілшіміз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT