"Ағам әпкем және мен"

(0 Votes)

Осындай тақырыпта М.Баймұханов атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Отан отбасынан басталады» жобасы аясында  отбасылық спорттық сайыс өтті.

Сайыс оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екенін түсіндіріп, отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайтуды мақсат етті. Сайыс ерекше әрі қызықты өтті. Қатысушылардың ойынға деген қызығушылығы өте жоғары болды. «Бауырлар», «Жалын», «Шағырай», «Сұңқар» топтары топтық жұмыстар мен спорттық ойындарды белсенділікпен орындады.

Қорытындысында І орынды "Бауырлар" тобы иеленсе, ІІ орынмен "Сұңқар" тобы марапатталды. Ал, ІІІ орынды ''Шағырай" және "Жалын" топтары бөлісті.

Ғалия Құбылова,

дене шынықтыру пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз