Додада - дауыс ырғағы

(1 Vote)

 Аудандық мәдениет үйінде "Конферансье - 2020" байқауы өтті. Байқауда ауданымыздың «сайдың тасындай» іріктелген оқушылары бас қосты.

Көрікті  келбеттеріне  сәнді киімдері жараса кеткен сайысшылар сахнада қалай кербезденсе де, жарасып-ақ тұр. Есімдері аталып, жарқ-жұрқ еткен сахнаның қос қапталынан заманауи әуенмен алшаң басып шыққанда, оларды кештің көрігін келтіретін кәсіби жүргізушілер ме деп қаласыз. Байқаудың басты мақсаты да түрлі мерекелік шаралардың тізгінін ұстайтын болашақ кеш жүргізушілерін табу еді.
Үш кезең бойынша сынға түскен жарыс жолындағылар алдымен, өздері дайындап әкелген монологтарынан мәнеріне келтіре қойылым қойды.

img_6276

А.Құнанбаев атындағы орта мектептің намысын қорғаған қос қаракөзіміз Гүлнұр мен Әнел "Мүгедек қыздың монологымен" көрерменнің көңілін босатып, басты байлықтың денсаулық екенін жеткізе білсе, М.Баймұқанов атындағы орта мектептен келген Сұлтануәйіс пен Жанат  Ұлы жеңістің 75 жылдығын ұмыт қалдырмай, "Мәншүктің монологын"  оқыды.

img_6285

М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" туындысының желісімен қойылым сахналаған Х.Санбаев атындағы орта мектептің оқушылары Әнуар мен Дильназға да көпшіліктің қошеметі ерекше болды. "Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық" деп жырлаған Күләш Ахметованың өлеңін  С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының шәкірттері Қалмен мен Жайна оқып берсе, Б.Қанатбаев атындағы орта мектептің үкілеген үміттері Мадияр мен Дильназ "Мұқағали мен Фаризаны" әдемі үндестіріп, өздерінше тілдестірді. Бұл ретте Дильназдың дауыс екпініндегі ерекшелікке елікпеген  жан кем де кем.

img_6337

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде білім алатын Асылай мен Құндыз да жетімдер үйіндегі жағдайды әсерлі жеткізе білсе, О.Сарғұнанов атындағы орта мектептің намысын жалғыз өзі қорғаған Әсел тыңдарманға М.Мақатаевтың "Сезімін" білдірді.

img_6425

 

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

 

А.САДЫКОВ

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT