Қарыз бен несие мәселесі – бүгінгі қоғамның өзекті тақырыптарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттігін өз жолдауларында бірнеше мәрте атап өткен болатын.
Осы бағытта «AMANAT» партиясы бастамашы болған «Қарызсыз қоғам» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аталған жоба, әсіресе аудан тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.
Бүгінде жоба аясында нақты жұмыстар атқарылып, жүздеген тұрғынға қаржылық кеңес пен қолдау көрсетілуде. «AMANAT» партиясының аудандық филиалы алдағы уақытта да «Қарызсыз қоғам» жобасын сапалы жүзеге асырып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Айбол ДОЛДАШЕВ,
«Amanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы



