«Барыс» бүгін «Салават Юлаев» командасымен кездеседі

«Барыс» бүгін «Салават Юлаев» командасымен кездеседі
Фото: «Барыс» ХК
(0 Votes)

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді. 

Кездесу бүгін, 16 қаңтар күні, елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 51 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жетті.

Турнир кестесінде «Барыс» 50 ойыннан кейін 40 ұпаймен 20-орында тұр.

Ал, «Салават Юлаев» 50 ойыннан кейін 65 ұпаймен 11-орында келеді.

Елордалық клуб соңғы 10 ойынның алтауында қарсыластарына есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан төртінші мәрте жеңіліп қалды.

kaz.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521