АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді

АҚШ-та жүйрік атқа Елена Рыбакинаның есімі берілді
Фото: lenarybakina/Instagram
(0 Votes)

АҚШ-та жүйрік атқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның есімі берілді, деп жазады Sports.kz.

Equibase-тегі профиліне сәйкес, Рыбакина есімді үш жасар жылқы өзінің жарыстағы мансабын жақында — 2023 жылы бастаған.

Осы уақытқа дейін екі жарысқа қатысып, оның бірінде үшінші орын алды.

«Рыбакинаның» жалпы табысы бүгінде 7 340 доллар болған.

Айта кетейік, асыл тұқымды жүйрік атқа Қазақстанның атақты спортшыларының есімін беру бірінші рет емес.

2020 жылдан бері атақты боксшы Геннадий Головкиннің есімімен аталатын Головкин атты сәйгүлік АҚШ-та өнер көрсетіп жүр.

Жылқының кәсіби рекорды 40 жарысты қамтиды.

Оның төртеуін жеңіп, алты жарыста екінші және тағы бесеуінде үшінші орынды иеленіп, иесіне 94 809 доллар табыс әкелді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT