Ауладан жаттығу алаңын жасап алдық

(0 Votes)

-Қазіргі уақытта жаттығу жасау қиын болып отыр. Өйткені жаттығуға қажетті құрылғыларымыздың барлығы спорт мектебінде, ал мектептің шәкірттер үшін жабылғанына алты ай болып қалды. Оның үстіне топтасуға болмайтыны тағы бар.

Дегенмен де, шәкірттерімнің бабын сақтап қалу үшін, ашық аспан астында 3-4 баладан бөліп шақырып, шынықтырып жүрмін. Өйткені оларды дайындау үшін қаншама тер төгілді, карантиннен кейін де өмір жалғасады. Сондықтан спортшы әрдайым бабында болу керек. Ал, үлкендер Еламан Саясатов, Ищан және Әбіл Галиевтер үшін шарбақтан шағын жаттығу алаңын ұйымдастырдық. Қолдан турник, бруся жасап, спорт құралдарын орналастырып, гаражды күрес залына айналдырдық. Осылайша үй жағдайында күнделікті режиммен дайындық жасап жатырмыз.

Алда үлкен-үлкен жарыстарға қатысуды жоспарлаған болатынбыз. Алайда, ойда жоқта  келген жұқпалы дерт барлық іске тежеу болды. Мысалға айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында тамыз айына жоспарланған муайтайдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты, желтоқсан айында Малайзияда өтеді деп белгіленген жастар арасындағы әлем чемпионатының уақыттары шегерілді.

Қазіргі уақытта қыркүйек айында Татарстан елінің Қазан қаласында ТМД елдерінің спортшылары арасында өтетін біріншілікке дайындық жүргізіп жатырмыз. Негізінен бұл жарыс тамыз айына жоспарланған болатын. Пандемияның кесірінен қыркүйек айының 4-11 күндері арасында өтеді деп белгіленді. Бұл сайысқа Еламан Саясатов және Жомарт Тынышқалиев қатысады. Осы сайыста жеңістен үміттіміз, індеттен есеңгіреген халқымызға жеңіспен қуаныш сыйлағымыз келеді.

Ислам Галиев,

Муай-тай спортының жаттықтырушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521