Сағындырған әндер онлайн шырқалды

(0 Votes)

Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі, вальс королі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, композитор Ш.Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай 9 тамыз күні «Сағындырған әндер-ай» атты аудан көркемөнерпаздары әлеуметтік желі арқылы онлайн концерт өткізді.

Концерттік бағдарлама аудандық мәдениет үйі халықтық театры әртістерінің көрінісімен ашылып, өнерпаздар А.Елубаев «Ана туралы жыр», ансамбль «Шәмші әндерінен попурри», Ж.Сисембаев «Сыған серенадасы» және «Бақыт құшағында», Б.Жалмұханов «Әнім сен едің!», Б.Әкімгереев «Теріскей» және «Дүнген қыз» сынды Шәмшінің ел ішіне кең танылған әсем әндерін шырқады.

117422700_790514155023755_6542084016797072786_o

Кешті «Шаттық» би тобының бишілері көрікті билерімен көркемдесе, мәдениет ошағының әртістері шағын қойылымды сахналады. 

117597042_790511728357331_7667552057680145307_o

Концерт соңын Б.Мұханбетжанов пен М.Тұрсынғалиева «Шәмшіге арнау» атты әнмен қорытындылады. Әрқашан да Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой-білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз.

117549985_790512765023894_5499360676054084410_o

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521