Аудандық мәдениет үйі есептік концерт берді

Аудандық мәдениет үйі есептік концерт берді
фото: аудандық мәдениет үйінен алынды
(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйі жанындағы ұжымдар мен көркемөнерпаздар «Өнер жолы - өміршең» атты есептік концерт берді.

Концерттің басы сөзін жергілікті ақын Анварбек Садықов жазған әсем әннің әуенімен және өнерпаздардың әзіл әңгімесімен басталып, көңілді бағдарламамен жалғасын тапты.

Шара барысында «Мақат әуендері» вокалды-аспаптар ансамблі, «Ардагерлер» ансамблі және «Шаттық» үлгілі би ансамблі, «Әгугай» би ансамблі, «Жастар» тобы жиналған халыққа өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар көрермен «Халықтық театр» әртістерінің әзіл сықақ қойылымы мен бұрынғы және қазіргі хит әндерді жылы қабылдап, өлке өнерпаздары туралы қызықты сұрақтарға жауап бергендері үшін естелік сыйлықтарға ие болды.

Концертті қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Е.Ермағамбетов ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен» мәдениет үйінің драма үйірмесінің жетекшісі Г.Кенжиеваны марапаттады. Одан әрі сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Исполов аудандық мәдениет үйі ұжымына өз алғысын білдірсе, мәдениет үйінің басшысы К.Төлебаева көрерменге ыстық ықыласын білдірді.

Іс-шара соңында аудан әкімінің ұжымына ықылас гүлін табыстады.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521