Нашақорлыққа қарсы күрес

(0 Votes)

Мақат КТІЖ инспекторлары Қ.Есенова мен М.Бисенбаева О.Сарғұнанов және Б.Қанатбаев атындағы орта мектептерінің 8-10 сынып оқушыларына «Есірткісіз өмірді таңдаймын» тақырыбында кездесу өткізді.

Шара барысында инспекторлар нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлері жөнінде де ескертіп өтті. Сондай-ақ, Доссор селолық ауруханасының нарколог дәрігері Сәлима Қуантырқызы баяндама оқып, оқушыларға нашақорлықтың зияны, оның адам ағзасына тигізер зардабы жайлы кеңінен баяндады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру үшін осындай дәрістердің жиі өткізіліп тұрғаны жөн.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521