Емделгің келсе, тіркел!

(0 Votes)

 Мақат кенті әкімшілігінің үлкен мәжіліс  залында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен №4 қалалық емхананың алдын алу бөлімінің меңгерушісі М.Есбергенова мен №1 қалалық емхананың координаторы Ж.Кнамаева келіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында аталмыш қордың артықшылықтары айтылып, бұл жөнінде әрбір азаматтың нені білуі керек деген сауалдардың жауабына тоқталды. Алдымен әрбір тұрғын өз мәртебесін анықтап алуға міндетті екенін жеткізген мамандар сол тұрғын белгілі бір емдеу орнына тіркелуі тиіс екенін жеткізді. Алдағы жылдың қаңтарынан жүзеге асқалы отырған шараға кімнің қанша мөлшерде ақша аударатынын түбегейлі түсіндіріп берген өкілдер салымның арасы мүлдем үзілмеу керек екендігін де жеткізді. Сонымен қатар жиынға қатысқандарға толық ақпаратпен қамтылған брошюралар таратылып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 А.Садыков

Cурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521