Медицинаның мүмкіндігі артты

(1 Vote)

Аудан емханалары толықтай заман талабына сай медициналық құралдармен жабдықталған. Аймақта соңғы жылдары бірқатар ілгерілеушіліктер орын алуда. Атап айтар болсақ, биыл наурыз айынан бастап аудандық орталық ауруханасынан ашылған «Балаларды дамыту» бөлмесі скрининг бойынша балалардың дұрыс қалыптасу бағытын анықтайды.

Сондай-ақ, жаңадан ашылған ресурстық кабинеті аналарға арналған. Мұнда алты айдан асқан нәрестелерге тамақты қалай дайындау қажет және қандай тамақ беру керек екенін арнайы маман түсіндіреді. Бөлме іші толық керекті құралдармен жабдықталған. Аудандық аурухана бүгінде күрделі жөндеуден өтуде.

asulan

 Тағы бір жағымды жаңалық тамыз айында аудандағы аймақтық дәрігерлер мен мейірбекелерге кезек күттірмей, уақытты ұтымды пайдалануға көмектесетін планшеттер берілді. Гаджеттерде шақыртулармен емделушінің жағдайы және дәрігерлерге қажетті ақпараттар көрсетіледі. Планшеттің  жұмыс істеу құрылымы өте оңай. Диспетчер келіп түскен қоңырауды жүйеге тіркейді, ал қалған шаруаны заманауи технология өзі тыңдырады. Бұндай құрылғының 8-і Мақатқа берілсе, 7-еуі Доссор кентінің дәрігерлеріне үлестірілген. Бүгінгі күні ауруханада кезек күту электронды форматқа ауысты. Келушілерді қабылдау электрондық кезек тәртібімен жүргізіледі. Әрине, арнайы кезек нөмірін шығаратын құрылғылар, кезегіңді көрсететін экрандар қондырылып, жұмыс істеп тұр.

gulbanu

birbala

Аймақта денсаулық саласында орын алып отырған жағымды жаңалықтар бұл ғана емес, емхананың науқастар жататын бөліміне шұғыл түрде жеткізілген ауыр науқастардың анализдерін жедел анықтайтын «Epoc» аппараты және науқастардың анализдерін жедел анықтайтын биохимиялық анализаторлар алынып, соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталуда. Сондай-ақ, аудандық аурухана елімізде теңдесі жоқ «Триаж» жүйесіне қосылды. Бұл емделушілердің жағдайын бағалап, оларға арнайы түрлі-түсті лента түріндегі іріктеу санатының  бір (қызыл, сары, жасыл) түсімен белгіленеді. Міне, еліміздегі тиімді медициналық жүйелер ауданымызда да қарқынды іске асып, халық денсаулығын жақсартуда тиімді жұмыстар жүргізіліп келеді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521