Облыс тұрғындарын covid-19-ға қарсы жаппай вакциналау өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
8 сәуірдегі мәлімет бойынша, 560 адам «Спутник V» вакцинасының І компонентін алды. Оның ішінде, 69 медицина қызметкері, 49 педагог, 14 полиция қызметкері, 7 студент, 6 жабық мекеме қызметкері, 25 құқық қорғау органдарының қызметкері, 32 мемлекеттік қызметкер, 4 созылмалы аурумен ауыратын адам, 354 жергілікті тұрғын бар.
2021 жылғы 1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 6708 адам, II компонентпен 2570 адам вакцинацияланды.
Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет.
Сурет: ашық дереккөз