Жалпыұлттық әлеуметтік бастамаларды қолдау аясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақпан айын – өтеусіз қан донорлығы айы деп жариялады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 80 мыңнан астам пациентке қан компоненттері құйылады.
Ал Атырауда 2025 жылы- 9254 донор қан тапсырып, 5 мыңға жуық пациентке 14663 доза қан құйылды. Сондай-ақ сирек кездесетін-АВ (IV) қан тобы және резус/теріс қан топтарынан 4300 адам донор атанды.



