Аудан аумағында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында 2 ақпан мен 20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қару айналымы саласындағы заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Аталған шара шеңберінде құқық қорғау органдары тарапынан қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын ұйымдарда кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру барысында қаруды сақтау, есепке алу, пайдалану және алып жүру тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі қаралады. Сонымен қатар ұйым қызметкерлеріне қару қолдану мәдениеті мен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар қару айналымына бақылауды күшейтіп, заңсыз әрекеттердің алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.
Бұл өз кезегінде аудан тұрғындарының қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасайды.
Ж.Қамза



