Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында қоғамда жиі талқыланып жүрген қыз алып қашу мәселесіне де ерекше тоқталған болатын.
Мемлекет басшысы мұндай әрекеттердің ешқандай дәстүрлік негізі жоқ екенін атап өтіп, осындай келеңсіз жағдайларға заң аясында қатаң баға берілуі тиіс екенін жеткізді.
Қыз алып қашу - ұлттық салт-дәстүрдің көрінісі емес, керісінше адам құқығын аяққа таптайтын теріс әрекет.
Сондықтан әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың еркін таңдау жасау құқығын қорғау - қоғамның басты міндеттерінің бірі болып қала береді.
Бұл бастама елдегі құқықтық мәдениетті нығайтып, қоғамдағы өркениеттің даму жолына ықпал етері сөзсіз.
Г.Қабылханқызы,
Мақат балалар өнер мектебінің домбыра-тенор ұстазы



