Атырау қаласында тұрғындар арасында құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар ұдайы жүргізілуде.
Іс-шара барысында «Заң мен тәртіп» жазуы бар қоғамдық автобустарының жолаушыларына киберқауіпсіздік мәселелері түсіндірілді.
Аталған жұмыс Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Жастар рухы» еріктілерінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, одан сақтану жолдары және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар, жолаушыларға киберқылмыстың алдын алуға бағытталған ақпараттық брошюралар таратылды.
Бұл профилактикалық жұмыстар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.



