Атырауда арт-экспедициялық жоба жүзеге асырылды

(0 Votes)

Атырауда өткен жылы «Қыр баласы қол созады аспанға…» атты арт-экспедициялық жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Өткен жылы өңірімізде облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Golden Steppe Explorers» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өңірдің мәдени-тарихи және табиғи нысандарын кеңінен насихаттауға бағытталған «Қыр баласы қол созады аспанға…» атты арт-экспедициялық жобасы өткізілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Экспедицияда жас суретшілер, фотограф және шығармашылық мамандық иелері Нарын құмы, мұнай мұнаралары, Лотос алаңқайлары, Махамбет батыр кесенесі, Сарайшық қалашығы, Желтау, Ақмешіт, Ақкегершін шатқалы, Индер көлі сияқты мәдени-тарихи және табиғи орындарды аралап, суреттер, мүсіндер, инсталляциялар, фотожұмыстар әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды.

Өткен жылдың наурыз айында басталып, қараша айына дейін жалғасқан жобаға шығармашылық әлеуеті жоғары 42 адам қатысты.

Экспедиция барысында қатысушыларға қолайлы шығармашылық орта қалыптастырылып, өңірдің тарихи, мәдени және табиғи көрікті жерлері кеңінен таныстырылды. Жобаның бейне және фотоконтенті әлеуметтік желілер мен видеоплатформаларда тұрақты жарияланып, ішкі туризмді дамытуға серпін берді.

Айта кетейік, 2025 жылдың 8-17 қараша күндері аралығында жобаның қорытынды шарасы ретінде көрме ұйымдастырылып, табиғат сұлулығын суреттейтін 45 фотожұмыс қойылды. Онда өңірдің көркем табиғаты, дала тіршілігінің ерекшеліктері және жергілікті тұрғындардың бейнесі жинақталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT