ҚАУІПСІЗ АУЛА - АУДАН ТЫНЫШТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

(0 Votes)

Ауданда 28 қаңтар – 3 ақпан күндері «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

 Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтарды тексеру, қылмыстарды ашу, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалатын ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу.

Профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарды аралап, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Тұрғындарға құқық бұзушылықтардың заң аясындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы ескертілді.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT