Мәдениет пен өнер - халықтың жан дүниесін айшықтайтын асыл қазына.
Рухани құндылықтары берік елдің болмысы да биік, болашағы да баянды болмақ.
Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында мәдениет пен өнер саласын дамытуға ерекше мән беру керектігін атап өткен болатын. Президент қоғам санасы жаңғырмайынша, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі толық болмайтынын айтып, алдағы екі жылда елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жаңартылатынын жеткізді.
Мәдениет үйлері мен кітапханалар - ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығын жалғайтын рухани орталықтар.
Бүгінде ауданымызда да мәдени шаралар, өнер кештері мен шығармашылық байқаулар жиі ұйымдастырылып, халықтың рухани өмірін байытуға үлес қосып келеді. Мәдениет пен өнерді қастерлеу - ұлт болашағына деген қамқорлық. Өнері өркендеген елдің еңсесі биік, рухы асқақ болары сөзсіз.
Салтанат ҚОЖАҒҰЛОВА,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы



