Ауданда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында бірқатар профилактикалық шаралар қолға алынуда.
Соның бірі – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары. Аталған шара шеңберінде Мақат аудандық полиция бөлімі, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Меруерт Елбаева, аудан прокуратурасы мен аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен бірқатар білім беру ұйымдарында кездесу өткізілуде.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасында өз өміріне қауіп төндіретін әрекеттердің алдын алу тақырыбы қозғалып, оқушыларға өмірдің құндылығы, қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары және психологиялық қолдаудың маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар кездесуде әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткінің және ойынқұмарлықтың кері әсері, кәмелетке толмағандарға қатысты және олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Мамандар балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында да түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
MT



