ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ

(0 Votes)

Заң мен тәртіп аясында ауданымызда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

 Іс-шара аясында полиция қызметкерлері «қолайсыз отбасы» санатымен профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, жанұя ішіндегі жанжалдардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтарға тұрмыстық құқық бұзушылықтардың заң аясындағы жауапкершілігі, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ даулы жағдайлардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқықтық кеңестер беріліп, отбасындағы татулық пен өзара сыйластықты сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.

Аталған профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 

MT

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT