Ақпараттық топ ауруханада болды

(0 Votes)

Бүгінгі таңда ауданның әр мекеме, кәсіпорын ұжымдарында ақпараттық-насихат тобы Жолдауды жан-жақты түсіндіру жұмыстарын бастап кетті.

Өткен аптада аталмыш топ аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесіп, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Жолдауын талқылады.

Топ құрамында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Кенжиева, "Мақат кенті әкімінің аппараты" ММ-нің бас маманы Альбина Бозжігітова, жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, "Шапағат" деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Шүкіриддин Темірқұлұлы болды.

Жиын барысында теолог Ш.Темірқұлұлы дін саласында орын алып отырған ахуалға тоқталып, діни радикализмнің, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу жайын әңгімеледі. Дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең әуелі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан анықтауға болатындығын атап өтті.

Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова жастарды қолдау саясаты, жастар үшін жүзеге асып жатқан бағдарламалар туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Ол Жолдаудың жастар үшін дем бергенін жеткізді.

Жиында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, топ мүшелері жауап берді.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT