Адам улануына себепкер болатын тағамдар тізімінің басына балық, ет өнімдері, қалбырдағы ет және балық, сүт өнімдері,шұжық енеді.
Осы өнімдер дұрыс сақталмаса не әзірлену жолы қате болса, адам ағзасына кері әсер беріп, уланады. Тамақтан уланудың белгілері:
Тамақтан улану көбінесе тез жүреді. Қысқа ғана уақыттың ішінде өзін жақсы сезінудің арты келесі белгілерге ұласады:
Жүрек айну,құсу;
Диарея;
Асқазан/немесе ішек ауруы;
Жалпы әлсіздік,ұйқы қашу;
Бас ауыруы.
Тамақтан уланудың профилактикасы:
Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз;
Тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз;
Пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз;
Азық-түліктерді мұқият сақтаңыз;
Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек;
Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз;
Қолыңызды жиі жуып тұрыңыз;
Ас үйді таза ұстаңыз;
Таза суды пайдаланыңыз;
Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.
Толығырақ газетіміздің №9 санында