Тіл жанашырын колледж ұжымы елеусіз қалдырмады

(0 Votes)

Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай аудандағы білікті ұстаз, білімді маман Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқытушысы Сандуғаш Амандыққызы Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі ұжымының алғыс хатымен марапатталды.

Жылдар бойы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе қызмет етіп, әр түрлі тіл сайыстарына қатысып, мемлекеттік тілдің дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген Сандуғаш Рзақановаға бөлім басшысы да өз алғысын білдірді.

17 жылдан бері мұғалімдік қызметте жүрген ол туған тілдің абыройын асқақтату әр азамттың борышы деген пікірде.

«Тіл мерекесі құтты болсын. Әрдайым тіл жанашыры болып, мемлекеттік тілдің әлеуетін көтеруге, мәртебесін өсіруге өз үлесімді қоса беремін",-деді ол.

Тіл жанашырын құттықтаған колледж ұжымы марапат иегеріне алғыс білдіріп Қазақстан халқы тілдер мерекесімен және ұлт ұстазы Байтұрсынұлының 150 жылдығымен құттықтап, жұмысына сәттілік, толағай табыстар тіледі. Әрі қарай, гүл шоқтарын табыстап, марапат иегерімен естелікке суретке түсті.

 

А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521