Мақатта ұлт ұстазына құрмет көрсетілді

(0 Votes)

5 қыркүйек - ақын, педагог, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл. Осыған орай, Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерінің арасында ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан челлендж ұйымдастырылды.

Челленджде кенттегі төрт мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері белсенділік танытып, видеоларын жолдады. Абай Құнанбаев мектебінен қатысқан Самал Шалауова мен Бержан Қанатбаев мектебінен келген Фариза Шынбергенова «Жұртыма» жырын жатқа айтса, Ораз Сарғұнанов орта мектебінің ұстазы Толқынай Хайрмеденова «Егіннің бастары», ал Сабыр Шарипов атындағы мектеп-интернаттың атынан қатысқан Жанат Насенова «Оқуға шақыру» өлеңдерін оқыды.

Атаулы күнде қалыс қалмаған мұғалімдерге Доссор мәдениет үйі басшысының уақытша міндетін атқарушы Данияр Еримов естелік сыйлықтарды табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521