Шақырады алыстарға, шақырады болашақ!

(0 Votes)

Ертең сағат 10.00-де ауданымыздың 8 жалпы білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты жиын өтеді.

Биыл аудан мектептерін 201 оқушы бітіреді, деп хабарлайды аудандық білім беру бөлімі. Түлектер қатарында 8 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 4 –уі «үздік аттестат» алуға дайындалып жүр. Күні бүгін ұлттық бірыңғай тестілеуге 137 оқушы өтініш беріп үлгерді. Оларды алда жауапты кезең - білім сынағы күтіп тұр. Сынақ маусымның 20-сы мен шілденің 7-сі аралығында өтеді.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатта мектеп түлектерін аудан әкімі Жұмабай Қарағаев құттықтайды. Сонымен қатар құрметті қонақтардың қатарында «Нұр Отан» партиясы, аудандық мәслихаттың депутаттары, ата-аналар мен мектепті аяқтағандарына 20,30,40,50 жыл болған түлектер де бар.

Салтанатты жиында оқу жылы қортындыланып, жетістікке жеткен оқушылар мен олардың ұстаздары дәріптеледі.

Бұл күні аудан бойынша 694 бүлдіршін 0-інші сыныпты аяқтайды. Соңғы қоңырау барлық оқушылар үшін елеулі мереке. Күні кеше ғана ата-аналар өз балаларын мектептің алғашқы қоңырауына жетектесе, бүгінде үлкен өмірге шығарып салмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521