Жазда балаларымыз қайда демалады?

(0 Votes)

Мектеп оқушылары жазғы каникулдарын қайда, қалай өткізеді екен?

Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айнұр Сәрсенбаеваның мәлімдеуінше, мектеп оқушыларының бос уақытын қамту үшін аудандағы Сауықтыру бағытындағы 8 мектептен 565 оқушыға арналған екі ауысымда мектеп жанындағы тамақтанатын лагерьлер ашылатын болады.Оқушыларға танымдық-тәрбиелік тұрғыда түрлі бағдарламалар ұйымдастырылмақшы.

Биыл сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын қызықты әрі танымдық тұрғыда өткізу үшін еңбек лагерьлерін былай қойғанда, киіз үйлер құрылған лагерьлер де ұйымдастырылуда.

Сонымен бірге,түрлі мәдени-тарихи орындарына оқушылардың өлкетану экспедицияларын ұйымдастыру бағыты қолға алынатын болады. Оған 1350 бала тартылады деп күтілуде. «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігі 8 мектептің өзінің 292 мүшесімен қоғамдық жұмыстарын одан ары жалғастыратын болады.

Биылғы жазғы демалыстың өзіндік ерекшелігі де жоқ емес. Лагерьлердің бағыттары да жаңарып, жаңадан қосылды. Олардың қатарында мәдени-көпшілік, спорттық шаралар ұмыт қалмады. Сондықтан бұл бағытқа 50 оқушыны қамтыған әскери-патриоттық далалық лагерь жұмыс жасайты болады.

Балалардың жазғы каникул кезіндегі демалысының ұйымдастырылуы жөніндегі сауалымызға Мақат локомотив пайдалану депосының персоналдар жөніндегі менеджері Қазбек Балабаев былай деп жауап берді:

-Бүгінгі күнге дейін белгілі болғанындай, мекемеге 30 балаға жолдама беріліп отыр. Ол екі мерзімді қамтиды. Сонда екі кезекте 15 баладан жазғы лагерьге баратын болады. Осы сұрақты бірнеше ата-анаға да қойып көргенбіз.

Бұл жөнінде Мақат тұрғыны Қайрат Төлегенов:

-Менің 6 балам бар. Жылда балаларыма мектеп әкімшілігі кент әкімдігімен бірлесе, жазғы лагерьде тынығуына мүмкіндік туғызып отыр. Бұрын Алматы қаласында, Қазақстанның өзге де қалаларында болып жүр. Жалпы, мен өздігімнен өзге қалаға апаруға мүмкіндігім жоқ. Сондай-ақ, мектеп жанындағы лагерьлердің менің балаларым үшін есігі қашан да ашық,-деді бізбен әңгімесінде.

Гүлзия Сариева, Мақат кентінің тұрғыны: -Мектепте үш балам оқиды. Жалпы балалардың жазғы каникулын алдын ала жоспарлап қоямыз. Жаз мезгілі таяған кезде ақылы лагерьлерді іздеп тауып, өзіміздің қаражатымызды жұмсап, жіберіп жүрміз. Биыл да мектептерге Батыс Қазақстан облысының бірнеше демалыс орнына 35000 теңгеден бастап жолдамалар сатылатынан хабардар болдым. Мүмкіндігімізге қарай балаларымызды жіберуге жұмыстанамыз.

Әділбек Нұрманов, Мақат кентінің тұрғыны: -Менің балаларым бізден бөлініп, лагерьлерге баруға жүрексініп жүр. Жалпы, қызмет орнымыздан балаларға жолдама беріледі. Онымен баруға балаларымды кішкентай санаймын. Сондықтан еңбек демалысы кезінде балаларымыз өзіміздің жанымызда. Осылайша ата-аналар жазғы демалыста еш қамсыз отырмағандығын білдірді. Жадыраған жазда табиғаттың аясында таза ауамен демалып, қызықты ойындар ойнап, жаңа достар тауып, қуанып шаттанғанға не жетсін, шіркін!

Г.ЕСМЫРЗАҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521