Жарты ғасырдан кейінгі кездесу

(0 Votes)

Оқу жылы аяқталды. Соңғы қоңырау да соғылды.

Мереке аясында ұйымдастырылған жылы жүздесулердің бірі – А.Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебін 1969 және 1979 оқу жылдарында тәмамдаған түлектердің 40-50 жылдан соңғы кездесуі болды.

Осыдан жарты ғасыр бұрын мектептен түлеп ұшқан қыз-жігіттер бір-бірімен жылы амандасып, қауқылдасып, сағыныса көрісті.

Кездесуге Ақтау, Жаңа Өзен, Атырау қалаларынан түлектер жиналып, сыныптастарымен жүздесіп, бір жасап қалды.

Мектеп табалдырыған аттаған түлектер алдымен 1-сынып оқушылармен кездесті. Кішкенелері қонақтарға арнау тақпағын оқыса, биылғы түлектер лебіздерін білдірді.

Мектеп түлектері мектеп ішіне саяхат жасады. Одан әрі өздеріне арналған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Осындай есте қаларлық сәттерге толы кездесу кеші алтын ұядан жарты ғасыр бұрын түлеп ұшқан түлектерді бір сәт жастық шаққа оралты. Алтын ұя мектебінің қабырғасында балалық шақтарын еске алды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА, суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521