Мектепке жол: 23 оқушы оқу құралдармен қамтылды

(0 Votes)

Асыл дінімізде мұқтаж жанға көмектесудің сауабы мол екені айтылған. Шындығында, өзіңде барды өзгемен бөлісу немесе мұқтаж жанға қайырымдылық жасау берекелі істің бірі. Себебі, өзгелерге қуаныш сыйлай білудің тағылымы мен шапағаты мол.

«Қуантсаң, баланы қуант» демекші, мешіт жастары осындай қайырымдылыққа мұрындық болып, балаларды қуантып отыр. «Мектепке жол» акциясына атсалысқан олар "Әр жұма - 500 теңге" қайырымдылық акциясы бойынша қорға жиналған қаржыға көпбалалы әрі мұқтаж отбасы балаларына тарту етті. Осылайша, 23 оқушы оқу құлдарымен қамтылып қалды.

Айта кетейік, мешіт еріктілері жақсылық жасаудан сырт қалған емес. Балалар күні қарсаңында да 600 балаға тәтті таратып, шаттандырған болатын.

 

А.Таубаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521