МЕКТЕП ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕКТЕП ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
(0 Votes)

Бүгін Л.Шахатов атындағы орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша “ТОП-300” атты үздіктерді марапаттау шарасы өтті.

Аталмыш шара алдымен мектепішілік домбырашылар ансамблінің орындауында қазақ халқының “Балбырауын” күйімен ашылды.

Әрі қарай аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Кукембаев құттықтау сөз сөйлеп, білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу  ісіндегі еңбегі үшін Атырау облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының арнайы алғыс хатын мектее директорына табыс етті.

Одан кейін Л.Шахатов атындағы орта мектебінің үздік оқушыларын марапаттады.

Шара барысында мектеп директоры Ляззат Дюсенбаева мектеп өміріне белсене араласып, демеушілік көрсеткені үшін ата-аналарға ризашылығын білдіріп, мектеп атынан арнайы алғыс хатын да табыстады.

Шара соңы оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

Г.Жұбанышқалиева

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT