Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі кітапханасында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» апталығы аясында жатақхана студенттерімен «Мейірбан біздің панамыз, Алтын жүректі анамыз» атты өнеге сағаты өткізілді.
Шара «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіне өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеуді мақсат етті.
Шара барысында білім алушыларға балалардан қамқорлығын аямаған, «Бөбек» қорының Президенті туралы сан-салалы қайырымдылық қызметі туралы әңгіме қозғалды.
Студенттер Сара Назарбаеваға арнап өлең жолдарын және арнаулар оқыды. Бейнебаян көрсетіліп, студенттер өз пікірлерін айтты.
Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі жасақталды.
Өнеге сағаты Сара Алпысқызының ұрпақтарына айтқан ғибратты тілегімен қорытындыланды.
Мереке Ахатова,
кітапханашы