Математиктер «Абай жолын» оқиды

(0 Votes)

Хамза Санбаев атындағы орта мектебінде «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» Самаликова Ақкенже Халелқызын еске алу құрметіне математика пәнінен кезекті ІІІ олимпиада ұйымдастырылды.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерін, дарынды оқушыларды іріктеу, олардың интеллектуалдық дамуы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен  олимпиадаға 6-7 сынып аралығындағы оқушылар қатыстырылды.  Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар берілді.

lll

Олимпиаданың ашылу салтанатында мектеп директоры Н. Мендалиева Ақкенже Халелқызының білім беру саласына қосқан үлесіне, сондай-ақ, мектеп ұжымы, жалпы ел үшін еткен еңбегіне тоқталды. Бұл олимпиаданың оқушылар үшін маңыздылығына және ұстаз мәртебесін биік қоюға жасалған игі бастама екендігін ерекше атап айтты.

a

«Осыдан үш жыл бұрын анам Ақкенже Халелқызын 10 жылдық еске алу құрметіне орай, Х. Санбаев атындағы орта мектебінде ұстаз есімімен атаулы кабинет ашылып, осы шараға сәйкес жоғарғы сынып оқушыларына арналған математикалық олимпиада алғаш ұйымдастырылған болатын. Міне, сол үрдіс ұжым арасында да оң шешімін тауып, биылғы жылы да жалғасқаны мектептегі жүйелі жұмыстың нәтижесі деп білемін. Бұл мен үшін тек анама ғана емес, бар өмірін шәкірт үшін, қоғамның тәрбиесі үшін арнаған ұстаз қауымына жасалған биік құрмет және менің анамның көзін көріп, тәлім алған, ізін басқан талай ұстаздардың бір-біріне жасаған ілтипаты деп есептеймін. «Тарихты жасайтын тұлға» десек, саналы ұрпақ үшін тер төккен ұстаздар қауымы қай кезде де ерекше мәртебеге ие. Дарынды оқушыларды қанаттандырып, олардың ой-қиялдарын дамытуды өз іс тәжірибесіне жаңашыл жолдармен енгізген мектеп ұжымының биік мақсаттарға жететініне сенімім мол. Сонымен бірге осындай іргелі ұжымды басқарып отырған жаңашыл басшы Нурия Валитовнаға алғысымды білдіремін» деді ұстаздың ұлы Абзал Самаликов.

Олимпида соңында жоғары балл алып, білім сайысында танылған  оқушыларға  Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романы және  "Абайдың қара сөздері" табыс етілді.

zzz

Абзал-Сенбі Ізбасарұлы Самаликовтың  мектепішілік математика олимпиадасының ұйымдастырылуына ұйытқы болуы - жалпы ұстаздар қауымына деген ерекше құрметтің дәлелі. Жоғары дәрежеде өткен игі іс-шара -  жас өрендердің білімге деген құштарлықтарын арттыруға септігін тигізетіне сенім мол.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT