Ауданда Абай оқулары өтті

(0 Votes)

 Аудандық мәдениет үйінде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты аудандық Абай оқулары ұйымдастырылды.  

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан таланты жастарды іздеп табу және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдары мен тұлғалық сезім мәдениетін дамыту мақсатында өткен байқауға аудан мектептерінің оқушылары, кітапханалардың оқырмандары және мәдениет үйлерінің жанындағы драма үйірмесінің шәкірттері қатысты.

Қатысушылар «Менің пірім Абай» кезеңінде Абайдың бір өлеңін оқу, «Көңілім әнді ұғады» кезеңінде Абайдың бір әнін орындау, «Абайға арнау» кезеңінде өз төл туындысын оқуы қажет болды.

Қатысушыларға әділ төрелік ету М.Баймұханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Сатимова, Х.Санбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сандуғаш Рзақанова және аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Раушан Әлиеваға жүктелді.

nghfrks

Сан қырлы болуды талап ететін сайыстың талаптарына сай болу үшін оқушылар өздерінің бар өнерін ортаға салды. Бірінің оң жамбасына көркем сөз оқу келсе, бірі әншілігімен көрініп, енді бірі ақындық кезеңінде оза шапты. Бірақ үш кезең бойынша өздерін жақсы көрсеткендер мен дайындықтары аз боп қалғандығы байқалғандар да болды.

5iruf87mc

Қорыта келгенде, 10 қатысушының арасынан 3-орынды Доссор мәдениет үйінің атынан қатысқан Аружан Найзағай мен А.Құнанбаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Дильназ Сағындыққызы иемденді. 2-орын М.Баймұханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Шәрбану Есмұрзаның қанжығасында кетсе, 1-орын Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешінінің 7 сынып оқушысы Тілеуқабыл Сұлтанбекұлына бұйырды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполовтың қолынан бас жүлде Ақниет Ерқазыға табысталды.

Барлық қатысушылар мен әділ-қазылар алқасы естелік сыйлықтарға ие болды.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT