Құрдастары жазды лагерьде өткізіп, онлайн ойындарға әуестеніп жүргенде, атыраулық 12 жастағы Сұлтан Исат ерекше іспен айналысып жүр — ол құрақ көрпе тігуді меңгеріп жатыр. Бұл — қазақтың ұлттық лоскутты көрпесі. Qazaqia қоры мен Теңізшевройл компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған тегін шеберлік сабағында Сұлтан 20-ға жуық әйелдің ішіндегі ең жас қатысушы болды. Ең жасы — 30-да, ал ең үлкені — 82 жаста.
Сұлтан сабаққа құр келмей, өз тігін машинасын ала келген. Тігін тігуді ол 11 жасында YouTube видеоларынан көріп, қызығушылықпен бастаған. Алғашында алжапқыш пен косметичка, кейінірек дастархан мен түрлі кәдесыйлар тігіп, оларды Instagram арқылы және анасының көмегімен сата бастаған. Енді бұл ісін нағыз кәсіпке айналдырғысы келеді.
— Өз қолыммен бірдеңе жасаған ұнайды. Бұл — тыныштандырады. Ал адамдар сен тіккен затты сатып алған кезде ерекше қуаныш сезінесің, — дейді Сұлтан жымиып.
Шеберлік сабағын құрақ көрпе тігу өнерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жүрген шебер — Нұрғаным Жағыпарқызы жүргізеді.
— Бұл жай ғана тігін емес — бұл ұрпақтар арасындағы байланыстың көпірі. Осындай жобалар арқылы біз ұлттық мәдениетті жаңғыртып, түрлі жастағы әйелдерді біріктіріп отырмыз. Курс соңында қатысушылар бұл дағдыларды күнделікті өмірде ғана емес, табыс көзіне де айналдыра алады. Олар корпе, жастық, сөмке, көрпе секілді ұлттық бұйымдарды жасап сата алады. Мұндай жобалар аймақтар мен ауылдағы әйелдер үшін өте өзекті, — дейді ол.
«Асыл мұра» жобасы ТШО компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл курс қолөнерді, өзін-өзі жұмыспен қамтуды және мәдени мұраны қолдауға бағытталған. Қала өміріне бет бұрған жастар көбейіп жатқан қазіргі заманда, Сұлтан сияқты мысалдар — нағыз сирек әрі мақтануға тұрарлық құбылыс.