Жасөспірім неге төбелеске дайын тұрады

(0 Votes)

Бүгінде өрімдей жастардың топ-топ төбелесуі көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.

Жақында тапа-тал түсте Доссор селолық ауруханасының алдында болған жасөспірімдердің төбелесуі әлеуметтік желіде лезде тарап, талқыға түсті. Қазіргі таңда осы жағдай бойынша сот ісі жүргізіліп, ата-аналар жауапқа тартылуда

. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу – заман талабы. Осы орайда өткен аптада «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде жиналыс өтті.

Толығырақ газетіміздің №10 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521