Жастар сыйлаған бақытты сәт

(0 Votes)

1 наурыз күні Орталық ауруханадағы "Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндізгі бөлімшесінде" 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап "Мейірімді жүрекпен" акциясы ұйымдастырылды.

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілін аулап, көтеріңкі көңіл- күй сыйлауды мақсат еткен ерікті жастар түрлі сергіту сәттері мен ойындар ойнатты.

Бірге би билеп, әңгімелерін айтып, мәз-мейрам болды. Кеш соңында балаларға арналған арнайы тәттілерден сыйлықтар табысталды.

Арнайы аниматорларымен бірге келген Айбек Асылбековке бөлімшеге келушілер разы болысты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT