Жаңадан жасыл контейнерлер орнатылуда

(0 Votes)

Айналамыздың айнадай таза тұруы тұрғындардың тазалыққа көзқарасын айқындаса керек.

Кейде лақтырған қоқыс қалдығымыздың қоқыс жәшігіне жетпей "желкесі қиылып қалатыны" жасырын емес. Тіпті жеткен күннің өзінде соңғы жылдары кейбір қоқыс контейнерлерінің  қабырғасы қақырап, ішіндегі қоқыстың "ауызы-мұрнына" сыймай сыртқа шығып жататын кейіпін көзіміз шалып қалады. Бүгінде осы олқылықтардың орны толып, аудан көшелерінде жаңа жасыл түсті контейнерлер пайда бола бастады.

"Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" дерегінше, ауданға арнайы 667 осындай қоқыс жәшігі әкелініп, алдыңғы легі тозығы жеткендерінің орнын басуда екен.

Қазірдің өзінде Доссор кентіне 150, Мақат кентіне 90, Ескене елді мекеніне 8 данасы қойылған.

Қалған контейнерлер " Кабулов" ЖК тазалық мекемесінде сенімгерлікпен сақталуда. Орайы келгенде олар да өз орнына қойылатын болады.

Жоғарыда аталған бөлімнің мамандары қоқыс қалдығы сақталатын бұл өнімдердің сапасы өте жоғары деп отыр. Ендігі жерде қоқыс төгетін орынның айналасын "шытырлақ пакеттер" кезіп жүрмесін десеңіз, қолымыздағы қалдықты  екі қадам қалғанда ерініп қалмай, ептілік танытып жаңадан қойған жасыл контейнерлерге дәлдеп салайық.  


А.САДЫКОВ
Cуретті түсірген автор

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521