Сот төрелігі әділдікті қалайды

(0 Votes)

Аудандық сот төрағасы Г.А.Чингисов 2019 жылы  атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша кезекті брифинг өткізді.

Алдымен қылмыстық құқық туралы  істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру жөнінде сұрастырып, келесідей ақпарға қанық болдық. Аталмыш мерзімде сотқа 36 қылмыстық  іс  келіп түсіп, 33 қылмыстық  іс қаралып аяқталған. Олардың  24-не қылмыстық іс бойынша  жаза тағайындау туралы үкім шығарылып, 2 іс бойынша  2 адамға айыппұл түріндегі жаза берілген.1 іс бойынша 1 адамға  қамау түріндегі жаза берілсе, 5 қылмыстық іс бойынша 9 адамға қатысты қысқартылған. 3 қылмыстық іс 7 адамға қатысты медиация тәртібімен, 1 іс бойынша 1 адамға қатысты қылмыстың құрамы болмауына байланысты қысқартылған. 1 іс бойынша 1 адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуына  байланысты қысқартылса, 6 іс бойынша 10адамға шартты түрде жазалары берілген. 7 іс бойынша 9 адамға шектеу жазасы тағайындалып, 6 іс бойынша 9 адамға қоғамдық жұмыс  жазасы тағайындалған, 1 іс бойынша  3 адамға ақтау үкімі, 2 қылмыстық  іс бойынша жекеше қаулы шығарылған.

Апелляциялық сот алқасында қарауға 4 қылмыстық іс жолданып, 1 іс бойынша 1 адамға қатысты үкім өзгертілген, 1 іс бойынша 5 адамға қатысты үкім күші жойылған. 

  Азаматтық icтep бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда да аудандық сотқа  327 арыз, 8 іс түсіп, 2018 жылдан 20 іс қалдыққа қалған. 263 арыз қозғалып, 3 іс кері қайтарылған, 328 іс қаралған. Қаралған істердің ішінде 58 сот бұйрығы, 149 шешім шығарумен, 40 оңайлатылған (жазбаша) тәртіппен қаралса, 62 іс жүргізуден тоқтатылған. Тоқтатылған істердің 25 бітімгершілік, 31 медиация тәртібін қолдану арқылы тоқтатылып, соттылығы бойынша 10 іс жолданған.

  Қаралған істерді санаттарына шаққанда келесідей сандардың тізімін көре аламыз. 74 неке бұзу туралы, 19 мұраға байланысты іс, меншік құқығын тану бойынша 1 іс, алимент өндіру туралы 10 іс, заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы 19 іс, банк келісім шарты бойынша ақша өндірумен 40, әрекетке қабілетсіз туралы 5 іс, жер қатынастарына қатысты 4 дау мен залал өндіру туралы 10  іс қаралған.

Сот өндірісінде істі медиацияны қолданып және жеңілдетілген тәртіпте қарау мәселесі оң серпін беріп отырғанын атап өту керек.

Толығырақ газетіміздің № 3 санынан оқи аласыз!

А.САДЫКОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521