banner_damu

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

(2 Votes)

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына  және  "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29-бабының 1-тармағына,61-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Оксана Жаңбырбайқызы Айкашева аудан әкімінің өкімімен аудан әкімі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны аудан әкімі аппаратының мәжілісінде аудан басшысы Шәкір Кейкінұлы ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

-Осы қызметке дейін бірнеше сатылардан өтіп келген маман. Аппарат қызметкерлерімен, қарттар мен жастар, кәсіпкерлер мен жалпы тұрғындар арасында беделге ие маманның осындай жауапты қызметке тағайындалуы бекер емес. Жауапкершілігі мол мемлекеттік қызметші ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына үлес қосады деп сенім білдіремін,-деді аудан басшысы.

Айкашева Оксана Жаңбырбайқызы 1977 жылы Атырау қаласында  дүниеге келген.

2000 жылы Атырау мұнай және газ институты, тау-кен геофизика инженері және 2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің құқықтану  мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2000-2001 жылдары «Саржанов» ЖК-де инспектор болып бастаған.

2001-2003 жылдары «Мұнайшы» газетінде менеджер,

2003-2004 жылдары «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсе бөлімінде бас маман, кейін «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кеңсе бөлімінің меңгерушісі, жалпы бөлімінде бөлім басшысы, 2018 жылдан әкім аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Аудан әкімінің 2020 жылдың 22 қаңтардағы №10-ө өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Отбасылы.

"МТ"

 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика