Жалқаудың сылтауы көп

(0 Votes)

Мақат кенті әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Білімді жастар – ел болашағы» атты студент жастардың кәсіпкерлермен еркін форматта дөңгелек үстелі өтті.

Кездесуді ашқан кент әкімінің орынбасары Айбат Құбаев жастарға мемлекет тарапынан қарастырылған қолдау түрлерімен таныстырып, жігерлі жастарды қоғамның белсенді мүшесі болуға шақырды.

Жиын барысында кәсіпкерлер жастарға кеңес беріп қана қоймай, бизнесті бастау жолдары мен мақсатқа жету жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жаһандану заманында бизнестің жаңа түрлерімен айналысуға кеңес берді. Мәселен, жеке кәсіпкер Мақсот Қамалов жастарға кәсіпкерлікті бастау алдындағы түрлі қиындықтарға мойымай, бәсекеге қабілетті бизнестің өркендеуіне өздерінің күш-жігері мен сенімділік, қайраттылығы бастаған істі аяғына дейін тыңдыруға, табысқа қол жеткізу үшін аянбай тер төгіп, онда кездескен қиындықтар, кедергілер мен тосқауылдарға шыдайтын сабырлық керек екенін ашып айтты.

Жиын барысында студенттер өздерін қызықтыратын түрлі сауалдарға жауап алды. Жалпы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде оқуын аяқтап, мамандығын алып келген жас мамандар бағдарлама шеңберінде оқыған мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жастар тәжірибесіне жіберіліп, 60125 тг айлық төленіп отырады. Мектеп аяқтаған 9-11 сыныпты бітірушілер де 1, 2, 3 жылдық техникалық және де кәсіптік оқу орындарына тегін оқуға жіберіледі. Сондай-ақ, мамандығы бола тұра, жұмыс таппай жүрген жастарды 3 айлық қайта даярлау курстарына жолдауға болады деп түсіндірді жұмыспен қамту орталығының маманы.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521