Үздік түлектерді қабылдады

(1 Vote)

Аудан әкімі аппараты мектеп бітіруші үздік түлектерді марапаттады.

i

Ауданда оқу жылын 6 түлек "Алтын белгімен", 6 түлек "үздік атестатпен" аяқтап, өз білімдерін дәлелдеді.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев түлектерді қабылдап, білімді жастарды жылдар бойы жеткен жетістіктерімен құттықтады. Мұнайлы Мақаттан шығып, елге танылған азаматтардың ізін басуға тілекші болды. Ұстаздардың мерейін асқақтатып, ата-ананың үмітін ақтаған білімді жастарға аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың атынан алғыс хат табысталды.

Ақ тілектің легін шараға қатысушы ұстаздар мен ата-аналар, биылғы жас түлектер толықтырды. Ата-аналар ұл-қызының қанатын қатайтып, біліммен сусындатқан ұстаздар қауымына алғысын жеткізді.

Кеш соңын жас түлектер ақ арман мен бейбітшіліктің символы

- ақ көгершін құсын аспанға шарықтатып ұшырумен аяқтады.

i

i

Ақ жол, саған, жас түлек!

А. САДЫҚОВ,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521