Жастардан «Президенттік кадрлық қор» құрылады

(0 Votes)

Ел Президентінің ұлықтау рәсімін телеарналар арқылы тікелей онлайн режимінде тамашаладық.

Президент алдағы уақытта қолға алар ауқымды шараларды он бағытқа топтап, халыққа жария етті.

Онда жастар қауымына ерекше тоқталды. «Сіздерге Қазақстанның дамуы жолында шешулі рөл атқаруға, дамудың жылжытушы күші болуға тура келеді.

Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Осыған орай «Жастар – ел тірегі» атты арнайы жоба жұмыс жасай бастады. Біз «Жас кәсіпкер» жастардың бизнес бастамаларын дамыту бағдарламасын жүзеге асырамыз, жастар стартаптарын қолдаймыз. Жастарды жұмыспен қамту бағдарламасын ендіреміз. Менің міндетім – сіздер өздеріңіздің ең асқақ армандарыңызды жүзеге асыруға және өздеріңіздің жеке «жетістіктер тарихын» құруға барлық мүмкіндіктерді жасау.

Мемлекеттік қызметтегі барлық деңгей бойынша жас, талантты басқарушыларды жылжыту үшін «Президенттік кадрлық қор» құрылады. Біздің жастарымыз мақсат-бағыты айқын, еңбексүгіш, креативті, сондықтан Қазақстанның болашағы сенімді қолда!»-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521