Тазалық өзіңнен басталады

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акция басталған болатын.

Осыған сәйкес жақында жастар онкүндігі шеңберінде аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен "Эко тазалық" акциясы өтті.

Акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу және әр тұрғын өз ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылды.

"Эко Тазалық" акциясы барысында ауданның орталық көшелері мен мекеме айналаларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал, тазалық жұмыстарына кент тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.

"Бүгін ауданымызда табиғатты қорғау, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ауқымды акция өтті. Бұл акцияның жас ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең ұрпақтың бойында еліне, жеріне және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру басты мақсат болып саналады", - деді жастар белсендісі Қ.Қайратқызы.

Айта кетейік, ауданымызда тазалық акциясы жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521