Видеографтар байқауы өтті

(0 Votes)

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мақат аудандық мәдениет үйі» КМҚК ұйымдастыруымен «Мақат ауданының 100 жылдығына» орай «Мақатым -мақтанышым» атты видеографтар арасында байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – ауданымыздың көрікті келбетін қысқа бейне арқылы көрсету болды. Тартысқа толы бәсекеде видеографтар кәсіби шеберлігі мен креативтілігін көрсетті.

Нәтижесінде,жүлделі I орынды Азамат Елубай, II орынды Қайырғали Өтешов, III орынды Аманбек Әбілғазиев иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521