«Сол шақта аянып қалу деген болмаушы еді»

(0 Votes)

Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандығын қорғаған батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады.

Тыл еңбеккерлерінің жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизмнің үлгісін танытты.

Мереке қарсаңында тыл ардагерлері елеусіз қалмады. Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжанар Утешова бастаған бір топ құраммен тылда еңбек еткен ардагерлердің үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Екі күнге созылған шара барысында тыл ардагерінің әрқайсына көңіл бөліп, олардың тұрмыс жағдайымен танысты.

Аудан бойынша өткен жылы тыл ардагерлерінің саны 76 болса, бүгінде олардың саны 44-ке жетіп, азайып қалыпты.

«Біздер соғыс жылдарының қиыншылығын, азабын сезінбей өскен ұрпақпыз. Сондықтан сіздердің ерліктеріңізді әрқашан естен шығармай, бағалап, үлгі тұтатын боламыз. Сіздерге деген мұндай құрмет алдағы уақытта да жалғасын таба бермек» -деді аудан басшысы Ж.Қарағаев.

Тыл еңбеккерлері соғыс кезіндегі еңбектегі ерліктері туралы естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға көңіл мен қамқорлық көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Толығырақ газетімізден оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521