Имандылық пен қайырым егіз – ұғым

(1 Vote)

Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде рамазан айы қарсаңында "Мақат имам жастары" ерікті жастар қоғамдық бірлестігі қайырымдылық шарасын өткізді.

Қайырымдылық пен имандылықтың егіз ұғым екенін ұғынған ерікті мешіт жастары аудандағы 3-10 жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәттілер тарту етті. Әрбір кезеңде уақыттарын көңілді өткізе бермейтін бұл санаттағы балаларға тәттілер тарту етіліп, сыйлықтар жасалды. Аталған шараға 45 бала қамтылып, келе алмай қалған балаларға үйлеріне барып, тарту етті.

Шараға аудан мешітінің бас имамы Д.Құттыбаев, аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Исполов, Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ә.Жүгінісов қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, балаларға аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама мен спорттық шаралар ұйымдастырылды.

"Мақат имам жастары" бұдан өзге де қайырымдылық шаралардың нақ ортасында жүріп, көптің алғысына бөленіп жүр. Олар Атырау қаласындағы балалар, қарттар үйіне барып, сыйлықтарын тарту етіп, әр топтағы әлсіз жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасауға тырысып келеді. Сондай-ақ, ай сайын аудандағы мектептерге аз қамтылған отбасының балаларына оқу-құралдарын таратса, жұма сайын кенттегі "Ару"сауда үйінде "қайырымдылық сөресі" ұйымдастырылып келеді.

Сөйтіп, жастар жақсы қасиеттер мен сауапты амалдары арқылы көпке үлгі танытып келеді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521