7 мамыр – егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрмет міндеті – Отан қорғау.Отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келеді. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгер – интернационалистерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңызды атаулы мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке, зор денсаулық, еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
Бейбітшілікті сүйген тәуелсіз еліміздің айбынын асқақтатып, абыройын арттыра түсетін қанатын кеңге жайған салтанатты, мерекелі, қуанышты күндер көп болсын!
Туған еліміздің іргесі бүтін, тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, берекеміз бекем болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын, ағайын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Шәкір Кейкин,
Мақат ауданының әкімі