Мақатта наурыз мерекесі қалай аталып өтті?

(0 Votes)

Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен«Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара көптің көңілін көтерді.

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі жанындағы «Шаттық» үлгілі би тобының биімен ашылып, мерекелік шараның алғы сөзі аудан әкімі Ринат Ибрагимовке берілді.

Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйі мен білім беру бөліміне қарасты мектеп, балабақша қызметкерлерінің дайындаған көріністері аудан халқының назарына ұсынылды. Оның ішінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Көктем аруы, жаршылар және Қыдыр атаны шығып, аудандық кітапхана шашуын шашты.

Салт-дәстүр бойынша Мақат энерго жөндеу басқармасы алаңға «Тайқазан» алып шығып, аудандық аурухана қызметкерлері халыққа наурыз көже таратты.

Ал «Нұрбөбек» балабақшасының ұжымы «Көрісу» және №54 балабақша ұжымы «Қымызмұрындық» көрінісін, Мақат балалар және өнер мектебінің ұжымы Күй атасы Құрманғазы мен Дина ананв сомдап домбырамен күй тартты. Х.Санбаев атындағы орта мектеп ұжымы «Сұлтан Бейбарыстың», Мақат желілік өндірістік басқармасы «Махамбет пен Исатайдың» көрінісін көрсетті.

Сонымен қатар, көрермендерге мерекеге қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар таратылды.

Мерекелік шара көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин сөз сөйлеп, шараға атсалысқан ұжымдар мен жекелей азаматтарға алғыс хат пен гүл шоқтарын табыстады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT